Ынтызар екі жүректің бір-бірін ұната тұра жылататыны, аңсай тұра азаптайтыны бар. Азапсыз махаббат — арзан махаббат, мөлдір махаббат — маржан махаббат. Адам тағдыры да жаймашуақ жаздан кейін көңілді құлазытар күрең күздің келетініндей, жарқыраған жарық күн бетін қара бұлттың көлегейлейтіні сияқты аумалы-төкпелі.
Ғашықтық пен махаббат өмірдің көркем көктеміндей, сағыныш пен өкініш, құлазу мен қамығу сезімдерін күзге теңеуіміздің себебін осы спектакль таныта түспек.